Басқару серверіне қосылу және Басқару серверлері арасында ауысу

Іске қосу кезінде Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару серверіне қосылуға әрекет жасайды. Егер желіде бірнеше Басқару сервері болса, Kaspersky Security Center бағдарламасының алдыңғы жұмыс сеансы кезінде қосылым орнатылған Сервер сұралады.

Егер Бағдарлама орнатылғаннан кейін бірінші рет іске қосылса, Kaspersky Security Center орнату кезінде көрсетілген Басқару серверіне қосылу әрекеті орындалады.

Басқару серверіне қосылғаннан кейін, сол Сервердің қалталар құрылымы консоль ағашында көрсетіледі.

Егер консоль ағашына бірнеше Басқару сервері қосылса, олардың арасында ауысуға болады.

Әрбір Басқару серверімен жұмыс істеу үшін Басқару консолі қажет. Жаңа Басқару серверіне бірінші рет қосылар алдында, онда Басқару консолінен қосылымдар қабылданатын 13291-порт және Басқару серверін Kaspersky Security Center басқа құрамдастарына байланыстыруға арналған қалған барлық порттар ашылғанына көз жеткізіңіз.

Басқа Басқару серверіне қосылу үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Басқару сервері түйінінің контекстік мәзірінде Басқару серверіне қосылу тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылған Қосылым параметрлері терезесінің Басқару серверінің мекенжайы өрісінде, қосылғыңыз келетін Басқару серверінің атауын көрсетіңіз. Басқару сервері атауы ретінде Windows желісінде IP мекенжайын немесе құрылғы атауын көрсетуге болады. Терезенің төменгі жағындағы Қосымша түймесін басқан кезде Басқару серверіне қосылу параметрлерін конфигурациялауға болады (төмендегі суретті қараңыз).

    Басқару серверіне әдепкі бойынша орнатылғаннан басқа порт арқылы қосылу үшін Басқару серверінің мекенжайы өрісіне мәнді <Басқару серверінің атауы>:<Порт> пішімінде енгізу қажет.

    Виртуалды Басқару серверіне қосылу үшін <Басқару серверінің мекенжайы>/<виртуалды Сервер атауы> пішіміндегі Басқару серверінің мекенжайы өрісіне мән енгізіңіз.

    Оқу құқығы жоқ пайдаланушыларға Басқару серверіне қатынасудан бас тартылады.

    Ашылған Қосылым параметрлері терезесінде Басқару серверінің мекенжайы, Пайдаланушы аты және Құпиясөз өрістері толтырылған. SSL пайдалану және Деректерді қысу мүмкіндігін пайдалану жалаушалары қойылған.

    Басқару серверіне қосылу процесі

  4. Серверлер арасында ауысуды аяқтау үшін OK түймесін басыңыз.

Басқару серверіне қосылғаннан кейін, консоль ағашындағы тиісті түйіннің қалталар құрылымы жаңартылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Басқару сервері және Басқару консолі

Басына оралу